2023 жылдың 25 қыркүйек күні Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде Еңбек күні және колледждің 95 жылдығына орай салтанатты түрде "Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры" білім беру бағдарламасының түлектері Семей қаласының алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету мекемесінің бас медбикелерімен кездесті.
Колледж директоры С. З. Танатаров құттықтау сөз сөйлеп, денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, әріптестеріне алғыс хаттар табыс етті. Директордың оқу-өндірістік практика бойынша орынбасары А.М.Ульбауова алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету деңгейіндегі патронаж қызметі, медбике қызметіндегі ерекшеліктер, медицина қызметкерлерінің созылмалы шаршауы, эмоционалды күйзеліс синдромдары туралы айтып берді.
Еңбек ардагерлері - О.Я.Гилева, Г.Р.Тулумгужинова, жас мамандар - Г.Серикбаева және А.Мадетхан, жұмысқа орналастыру жөніндегі менеджер-Д.Р.Қуанышбаева, Г.А. Аубакирова, емханалардың бас медбикелері - С.Е.Дюсембаева, З.С.Дайрова, Г.С. Таяпбергенова, В.С.Абишева, А.А.Нагашыбаева. Ш.О.Саудаканова, Г.К.Отынбаева, Н.Т.Узакова, Сайрамбекқызы А. сөз сөйледі.
"Қолданбалы бакалавр" студенттері ӨТ өту үшін емханаларға шақырылу арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне де ие болады. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, жұмыста белсенділік, күш-қайрат тілейміз!