27 мамыр күні колледж жатақханасында тәрбиешілер Жарасбаева А. З. және Сарсенбинова Б. Д. "Қош бол, студенттік кездер-ай!" атты кешті өткізді. Осы кеште Ташаева Аяжан "Студенттік өмір" әнімен тамсандырса, ал КВН тобы өз әзілдерімен керемет көңіл күй сыйлады. Бишілер флешмоб сыйласа, жүргізушілер қызықты ойындарымен таң қалдырды. Түлектерге ата - аналарының және кураторларының видеокуттыктауларын экранның бетінен көру, үлкен тосын сый болды. Кештің соныңда, түлектер жатақхана меңгерушісі, тәрбиешілерге және жатақхана қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді.