2023 жылы 16 наурыз күні Абай облысы Семей қаласының №45 мектептің 9,11 сынып оқушыларына «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» оқытушылары Айгерім Асланбекқызы және Динара Серікқалиқызы 3 сд 2 топ студенттерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мамандықты дұрыс таңдауымен, сапалы маман ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында оқушылар назарына, колледжде даярланатын мамандықтар туралы және де оқу орнының тыныс-тіршілігі, жетістіктері жайында бейнематериалдар ұсынылды, қазіргі таңда медициналық мамандықтардың маңызыдылығын атап өтті. Оқушылардың медицина саласына деген қызығушылықтары оянып, студенттердің көрсеткен манипуляцияларын қайталап орындап көрді. Медицина саласына қызықпайтын оқушылар студенттердің көрсеткен іс-әрекеттері мен берген ақпараттарынан кейін , медицина саласына деген қызығушылықтары ашылып, ата – аналарымен ақылдасатындарын айтты.