АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

     Кәсіптік бағдар беру – қоғамның сұранысына қарай әрбір оқушының қабілеті мен бейімділігін ескере отырып, мамандыққа деген қызығушылықты тудырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесетін мақсатты жұмыс. Кәсіптік бағдар беру өскелең ұрпаққа саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік береді.

           2023 жылы 10  наурыз  күні Абай облысы Семей қаласының №10 мектептің 9,11 сынып оқушыларына Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің  оқытушылары Гульназ Берикжанқызы және Алуа Бақытжанқызы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мамандықты дұрыс таңдауымен, сапалы маман ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында оқушылар назарына, колледжде даярланатын мамандықтар туралы және де оқу орнының тыныс-тіршілігі, жетістіктері жайында бейнематериалдар ұсынылды, қазіргі таңда медициналық мамандықтардың маңызыдылығын атап өтті.

po-1
po-2
po-3