2023 жылдың 29 наурыз күні Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде «Қазіргі әлемдегі жүрек-қан тамыр аурулары: тенденциялар, мәселелер, перспективалар» атты Облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: Қазіргі заманауи өзекті жүрек-қан тамыр ауруларын алдын-алу мақсатында салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру, скрининг, заманауи медициналық диагностика, профилактика, реабилитацияны жүргізу.