АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

8 наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара және колледж түлектеріне диплом табыстау

2 наурыз күні «8 наурыз» Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қалалық мәдениет үйінде «Медбикелік ісінің қолданбалы бакалавры» мамандығы бойынша алғашқы бітірушілерге арналған мерекелік шара өткізілді. Студенттер 3,5 жыл оқып, бүгінде 56 түлек  диплом алды. Сондай-ақ, «Жеделдетілген траектория» бойынша білім алған қолданбалы бакалаврдың 67 түлегі диплом алды. Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Молдабеков Талғат Каркенович, Абай облысы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жакупбаева Вилена Каримовна түлектерді  құттықтап,  дипломдарын табыстады.

Колледж директоры С.З.Таңатаров екі түлектерімізді Серікбаева Гүлжан мен  Мәдетқан Аңсағанды колледжге жұмысқа шақырды.

Колледждің жастар ісі жөніндегі комитет лидерлері  ән мен биден тұратын үлкен шоу-бағдарлама дайындады. Сахна төрінен түлектеріміздің алғыс сөздері естілді. Түлектерімізге сәттілік серік болсын және  ақ жол тілейміз!

vypusk-1
vypusk-2
vypusk-3