АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Заманауи қоғамдағы еріктілер қозғалысы» республикалық форумға қатысу

27.02.2023 ж. қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған "Рухани жаңғыру" республикалық бағдарламасын іске асыру мақсатында біздің ерікті студенттер "Заманауи қоғамдағы еріктілер қозғалысы" республикалық форумға қатысты.

Форумның мақсаты: ерікті студенттерді қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және өңірдің ерікті студенттерін біріктіру, Абай облысы студенттерінің жаппай еріктілер қозғалысын жандандыру. Өткен орны: Семей қаласының Жастар сарайы. Форумның ұйымдастырушысы: Абай облысының білім басқармасының қолдауымен «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі».

Колледждегі еріктілер қозғалысының жұмысын көрсететін «Табысты тәжірибелер панорамасы» бейнеролигі дайындалды. Біздің бейнеролик финалға өтіп, «Үздік медициналық көмекші» номинациясы ие болды. Ерікті студенттер, колледж көшбасшылары Мұратов Б., Көкебаев Ж., Жотабаева А.  колледж презентациясын таныстырып, сөз сөйледі.

в1
в2