2023 жылдың 08 ақпан күні Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің студенттерімен құқық қорғау органдары қызметкерлері полиция майоры Садиканова М.А., полиция лейтенанты Құдайберген Б.С. кездесу өткізді.
Қызметкерлер кәмелетке толмағандар үшін әкімшілік жауапкершілік туралы айтты. Олар жиі жасалатын құқық бұзушылықтарды тізіп, оларға қысқаша сипаттама берді. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа әрекеттер әкімшілік жазаға әкелетінін түсіндірді.
Студенттерге заңды сақтау қажеттілігі, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою тәртібі және оларға қабылданатын шаралар туралы айтылды.
Студенттердің сұрақтарына жауап берді.