АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша медицина колледжінің үздік оқытушысы

2022 жылғы 13-14 желтоқсанда Алматыда Республикалық жоғары медициналық колледж базасында «Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша медицина колледжінің үздік оқытушысы» конкурсы өткізілді. Байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жоспары бойынша өткізілді.

Конкурсқа ережені Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі Ш.Т.Каринова бекітті. Конкурстың мақсаты денсаулық сақтау саласы бойынша педагогтарды анықтау, ТжКББ өнерлі, дарынды, шығармашылық педагогтарын қолдау болып табылады. Конкурстың міндеттеріне ҚР медицина колледждерінде арнайы пәндер оқытушыларының кәсіби даярлық деңгейін анықтау, білім алушылардың білім мен дағдылардың жоғары сапасын дамытуға ықпал ететін заманауи медициналық технологияларды қолдануын қамтамасыз ету, оқытушылардың беделі мен имиджін арттыру, сондай-ақ озық тәжірибе мен кәсіби шеберлікті тарату кіреді.

Республикалық кәсіби шеберлік конкурсына конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары – ҚР сегіз өңірінен арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Абай облысынан конкурсқа Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Бейсенова Арай Толеужановна қатысты. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер жүлделермен және грамоталармен марапатталды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында осы Республикалық кәсіптік шеберлік конкурсын жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

imgonline-com-ua-1
imgonline-com-ua-2
imgonline-com-ua-3