2022 жылдың 7 желтоқсан күні Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Абай аудандық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталығымен бірлесіп, «Өмір cүруді біл» атты квест – ойыны өткізілді.
Квест ойынының мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстану, өмір мен денсаулыққа қауіпті мінез-құлық түрлерінен аулақ болу, АИТВ-инфекциясының тиімді профилактикасы болып табылатындығына сенім қалыптастыру.
Квест ойынының ұраны: Ешқашан кеш емес, ешқашан ерте емес, қажет болса, барлық жоспарларды өзгертіңіз!
Ойынға қатысушылар: «Емдеу ісі» мамандығы бойынша колледждің 3 курс студенттері
Квест ойыны барысында облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Д.Тукеева Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні (1 желтоқсан), АИТВ/ЖИТС-тың ашылу тарихы, таралу жолдары, аурудың кезеңдері,АИТВ-дан қорғану жолдарын айтып түсіндірді.