Отырысқа 65-тен астам колледж қатысты. Басында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК директоры Танатаров Саят Замамбекович сөз сөйледі. Колледж директоры сәлемдесуден кейін бірлескен жұмыс пен отырыстын жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғысын білдірді. Алдағы кезеңге арналған міндеттерді анықтап, алдағы жұмыс сол күйінде жалғасатынына сенім білдірді.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қаулы етті: «Паллиативтік және психоневрологиялық көмек көрсету» бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін. Білім беру үдерісіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізуді жетілдіру және ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қашықтықтан онлайн отырысқа қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
«Балалар халқын вакцинациялау» Халықаралық электрондық постерлер конкурсының қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған
I дәрежелі дипломант:
«Орынбор облыстық медицина колледжі» МДКББМ
II дәрежелі дипломды:
«Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Қатысудың табыстылығын және конкурстық жұмысты орындаудың жоғары деңгейін растайтын 3 дәрежелі дипломанттар:
«Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК,
«Талғар жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК
Жеңімпаздар мен байқаудың барлық қатысушыларын құттықтай отырып, жаңа биіктерге жетулеріңізге және мұнымен тоқтап қалмай - өсіп-өркендеулеріңізге тілектеспіз.