АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған әскери-спорттық жарыстар

2022 жылдың 2 желтоқсанында әскери жетекші О. М. Толеуов және дене шынықтыру пәні оқытушылары Д. Н. Өкен,  Б. С. Нурахметов ұйымдастыруымен Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің студенттері арасында Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры" атты әскери-спорттық сайсы өтті.

Жарыс мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, білім алушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру,  ұйымшылдыққа,  ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сайыс қорытындысы бойынша «Арлан» командасы І орын, «Айбын» командасы ІІ орын, «Сұңқар» командасы ІІІ орындарға ие болды. Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау номинациясында 2 стом орт «А» тобының білім алушысы А.Гинаятов, нысана көздеу номинациясында 2 емдеу ісі «А» тобының білім алушысы М.Асемханов, гір тасын санаққа көтеруде номинациясында 2 емдеу ісі «Н» тобының білім алушысы  А.Зекенов, қолды жерге тіреп бүгіп жазу номинациясында 2 емдеу ісі «Д» тобының  білім алушысы  Қайранбаев Медет белсенділіктерін  танытты. 

Барлық студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

1-Voyenno-sportivnyye- sorevnovaniya
2-Voyenno-sportivnyye- sorevnovaniya
3-Voyenno-sportivnyye- sorevnovaniya
4-Voyenno-sportivnyye- sorevnovaniya
5-Voyenno-portivnyye- sorevnovaniya
6-Voyenno-portivnyye- sorevnovaniya
7-Voyenno-portivnyye- sorevnovaniya