22.11.2022 «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» жатақханасының акт залында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні акциясы аясында «Студенттер арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу. Теңдік уақыты!» тақырыбында кездесу өткізілді. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ШЖҚ КМК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Тукеева Диляра Даулетбекқызы шақырылды. Бүгінгі таңда жаһандық сипатқа ие болып отырған ЖИТС проблемалары туралы презентацияны көрсетіп, оның маңыздылығын ашты.
Дәрігерлер ЖИТС, АИТВ белгілері, жұғу жолдары және АИТВ-инфекциясын жұқтырудан қорғану ұғымдары туралы түсінік берді.
Презентациядан кейін студенттерге ситуациялық тапсырмалар ұсынылып, олар сұрақтарға дұрыс жауап берді. Буклеттер таратылды.Кездесу өте қызықты болды.