АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Улы заттар» , «Жеке бас гигиенасы»

08.11.2022ж. Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің жатақханасында тәрбиеші Сарсенбинова Б.Д., медбике Сәкенқызы Тоғжан студенттермен «Улы заттар» және қыздар арасында «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді. Мақсаты: студенттердің өз гигиенасы мен денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру.

Шылым шегу мен ішімдік, электронды темекі мен энергетикалық сусындардың зияны туралы мәселелер көтерілді. Темекі, алкоголь, энергетикалық сусын құрамындағы улы заттардың адам денсаулығына зияндығын  және  тәуелділікке әкелетінің ойын түрінде көрсетілді.

Жатақхананың медбикесі Сәкенқызы Тоғжан қыздардың жеке бас гигиенасы туралы профилактикалық әңгіме жүргізіп, тері, тырнақ, шаш, тіс, ауыз гигиенасы, сонымен қатар киім-кешек пен аяқ киім гигиенасы туралы бейнеролик көрсетті. Кездесу қызықты әрі мазмұнды болды.

1-sobranie
2-sobranie
3-sobranie