04.10.2022 «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК жатақханада тұратын студенттерге полиция капитаны Нұрғалиева Фатима Жұмабайқызымен кездесу өткізілді. Тақырыбы: «Жасөспірім және заң». Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Міндеті: құқықтық тәртіпке тәрбиелеу.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық мәселелері талқыланып, теріс қылықтар, қылмыс, ұсақ бұзақылық, мүлікке зиян келтіру, әсіресе кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндірілді.
Студенттер сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу өте қызықты өтті.