2022 жылдың 03 маусымында Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» атты көрме және»Символы Республики Казахстан-национальная гордость « атты видео-презентация ұйымдастырылды.
1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заңға қол қойылды. Бұл күні еліміздің тарихында тұңғыш рет ұлттық рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран бекітілді.
Көрменің мақсаты – жастарды патриоттық сезімге, Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұранды құрметтеуге баулу.
Көрмеге мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы мақалалар, рәміздер туралы материалдары бар кітаптар, мерзімді басылымдар қойылды.