«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы
медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Жаңа Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі»
2022 жылы 14-16 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңа Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі» атты ХVIII Республикалық студенттер слеті өтті. Колледжде Жастар Істер жөніндегі Комитет ұяшығы белсенді жұмыс жасауда, оны 2 «Емдеу ісі» 1 тобының студенті Мұратов Бақдәулет басқарады. Бұл кездесуге колледжіміздің 5 студенті, ЖІК жетекшілері қатысты.
Слет барысында орталық және мемлекеттік ұйымдардың басшыларымен диалог алаңдары өтті. Ұсыныстар, жобалар әзірленді. 2021 жылдың қорытындысы шығарылып, әр өңірден келген АСК белсенділерін, жетекшілерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. АСК, студенттік парламенттер мен жастар ұйымдарының қызметін дамытудың жаңа бағыттары жарияланып, қабылданды.