АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Стрессті қалай жеңуге болады?»

Сәуір айының 14 күні колледжіміздің жатаханасында педагог – психологтарының ұйымдастыруымен «Стрессті қалай жеңуге болады?» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингқа  жатаханада тұратын І-ІІ курс студенттері қатысты.

Тренингтің мақсаты: Алда жаздық сессия келе жатыр.Сессия әрқашан стресс. Студенттерге қалай көмектесуге болады, стрессті қалай жеңуге болады, не істеу керек, өзін қалай ұстау керек, стресстік жағдайларды алдын-ала білу және стресстік жағдайлардың себептерін анықтау қабілеттерін дамыту, стресстен шығу жолдарын игеру, сонымен қатар стресске төзімділік деңгейін арттыру.
— Стресс туралы түсінік беру.
— Стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру.
— Тренингтік жаттығулар арқылы стресстен шығу жолдарын көрсету.
Міндеті:
— Позитивті ойды дамыту.
— Стресстен арылуға психологиялық кеңес беру.

Сонымен қатар кездесу барысында студенттер тарапынан  көптен мазалап жүрген сұрақтар қойылып, сол сұрақтарына жауап алынды.

Kak-spravitsya-so-stressom-1
Kak-spravitsya-so-stressom-2
Kak-spravitsya-so-stressom-3