ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

Онлайн форматындағы Бос орындар жәрмеңкесі

  2022 жылдың 15 наурыз күні  ШЖҚ КМК «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» қабырғасында   онлайн форматында ZOOM платформасында дәстүрлі «Бос орындар жәрмеңкесі -2022» өтті. Бос орындар жәрмеңкесі түлектерге – болашақ мамандарға өздерін қызықтыратын бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға, ал жұмыс берушілерге – жас мамандарды таңдауға  мүмкіндік береді.

 2022 жылы бітірушілердің саны 403 студент және   «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Фельдшер» біліктілігі,  «Мейірбике ісі» мамандығы  «Жалпы тәжірибелік медбике» біліктілігі; «Фармация» мамандығы  «Фармацевт» біліктілігі,  «Стоматология» мамандығы бойынша «Тіс техникі» және «Дантист» біліктілігі; «Зертханалық диагностика» мамандығы «Медициналық лаборант» біліктілігі; «Акушерия» мамандығы «Акушерлік іс» біліктіліктер бойынша  білім алуда. Жәрмеңкеге   Шығыс Қазақстан облысының,  сонымен қатар Семей,  Нұр-Сұлтан, Өскемен, Риддер, Павлодар, Ақсу, Зырян, Серебрянск, Алматы қалаларының медициналық ұйымдарының басшылары қатысты. Медициналық ұйымдардың басшылары колледжіміздің түлектері туралы оң пікірлерін білдірді.            Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің түлектері еңбек нарығында үнемі сұранысқа ие. Бүгінгі күннің өзінде  көптеген түлектерімізді  жұмыс орындары  күтіп тұр. Колледж  әкімшілігі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан жұмыс берушілерге жылы лебіздерін айтып, алғыстарын білдірді.

1-yarmarkavak
2-yarmarkavak
3-yarmarkavak
4-yarmarkavak
5-yarmarkavak
6-yarmarkavak