АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

NOMAD MMA бойынша ашық аймақ чемпионаты (әуесқойлық нұсқасы)

2022 жылдың 6 наурыз күні  қалалық «Тарлан» спорт кешенінде NOMAD MMA (әуесқойлық нұсқа) бойынша чемпионат өтті. Ашық облыстық турнирге Өскемен, Көкпекті, Аягөз, Борадулиха және т.б командалар қатысты.

Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина  колледжінен 4 спортшы қатысты:

  1. Еркінов Асхат – 3 «Емдеу ісі» 2
  2. Асемханов Мадияр – 1 «Емдеу ісі» А
  3. Асемханов Данияр – 1 «Емдеу ісі» А
  4. Сейдахмет Ернар – 3 «Зертханалық диагностика» А

60 кг салмақта Сейдахмет Ернар чемпион атанса, 56 кг салмақта Еркінов Асхат, 78 кг салмақта Әсемханов Мадияр ІІ орынды иеленді.

Облыс, қала намысын қорғап жүрген көптеген студенттеріміз айналысатын колледжімізде күрес секциясы жұмыс істейді. Үйірменің жаттықтырушысы әрі жетекшісі спорт шебері кандидат Нұрахметов Берік Серікұлы.

Жарыс жеңімпаздары Шығыс Қазақстандық NOMAD MMA сертификаттарымен және медальдарымен марапатталды. Чемпиондарымызды құттықтаймыз! Денсаулық, оқуда және спортта табыстар тілейміз!

1-nomad
2-nomad
3-nomad
4-nomad
5-nomad
6-nomad