АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Жастар және Дін»

22.02.2022ж. «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінде» «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша 1 курс студенттеріне конференц залында «SUMBIL» дін мәселелерін зерттеу және талдау қоғамдық қоры  ақпараттық -түсіндіру қызметінің өкілімен кездесу өтті. Өткізілген тақырып: «Жастар және Дін».

Студенттермен кездесу барысында Тұрсынғалиев Қанат дін мәселесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер әлеуметтік желілер, діни рәсімдер, дұға, хиджаб және қаңтар айында Алматыда орын алған оқиғалар жайында сұрақтар, сонымен қатар діни идеяларды насихаттауға және таратуға жауапкершілік туралы сұрақтар қойылды.

Мамандар қол жетімді және сауатты түрде түсініктеме жасап, барлық сұрақтарға жауап берді. Кездесу қызықты өтті. Кездесуде бейне материалдар, слайдтар, фильмдер қолданылды. Бұл кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.

imgonline-com-22-02-22
imgonline-com-22-02-22-2