АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00
  • 2022 жылдың 24-31 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алаш өнер орталығының» ұйымдастыруымен Республикалық «Алаш оқулары» атты онлайн байқауы өтті.

2022 жылдың 24-31 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алаш өнер орталығының» ұйымдастыруымен Республикалық «Алаш оқулары» атты онлайн байқауы өтті.

2022 жылдың 24-31 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алаш өнер орталығының» ұйымдастыруымен Республикалық «Алаш оқулары» атты онлайн байқауы өтті. Байқау мақсаты – үміткерлердің өз өнерін үлкен сахнада көрсету мүмкіндігі, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды анықтау және  қолдау.

Байқау шарттары:

  • Өз өнеріңізді видео арқылы жолдайсыз (4мин);
  • Еркін тақырып;
  • Өзіңіз туралы ақпарат;
  • Видео мен ақпарат жолданған күні You Tube парақшаға жарияланады;
  • Жеңімпазға марапат дипломы, Нұр-Сұлтан қаласында 12 ақпан күні өткізілетін «Жұлдызды сәт» халықаралық оффлайн өнер байқауының финалына жолдама беріледі.

Осы аталған байқауға колледжімізден «Көркем сөз» номинациясы бойынша Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғарғы медицина колледжінің 1 мейіргер ісі «Д» тобының студенті Аманкелдиева Жаннұр Аманкелдіқызы өз өнерін жолдады. Республикалық «Алаш оқулары» сайысына онлайн қатысу арқылы ерекше дарынымен алға суырылып шыққан жеңімпаз - Бас жүлде иегері атанып, дипломмен марапатталып, Халықаралық байқауға жолдама алды. Жаннұрды үздіктер қатарына қосылуын хабарлай келе, Нұр-Сұлтан қаласының сахна төрінде өткізілетін, ең талантты өнерпаздар бас қосатын финалдық сайысқа шақырту хаты жіберілді.

 Байқауға қатысу шарттары «Көркем сөз. Арнау» бөлімі бойынша:

  • Қатысушы бір рет өнер көрсетеді (2мин);
  • Мәнерлеп оқу дикциясы қаралады;
  • Фондық музыка қабылданбайды.

    Арнайы шақыртумен жиналған жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында 12 ақпан күні өткен Халықаралық оффлайн өнер  байқауында өз өнерлерін сахнада көрсетті.  Еліміздің барлық облыс, қалаларынан үздік деп танылғандар қатысты. Жасөспірім топ 14-17 жас аралығында өнер көрсеткен 20-ға жуық үміткерлердің арасынан топ жарған студентіміз – Аманкелдиева Жаннұр  жүлделі 2-орын иеленді. Жаннұрды құттықтай келе, болашаққа қағар қанатың талмасын деп тілейміз!

1-zhannur
2-zhannur
3-zhannur
4-zhannur