АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Қысқы мектеп - 2022

ШҚО ДСБ «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК «Мейірбике ісі» мамандығының 4 курс білім алушылары Бекболатова Токжан, Рыспаева Мадина, Тұрсынқанова Қалнұр, Саятова Толғанай, Жумабаева Айсулу Семей қаласының медицина университеті ұйымдастырған жыл сайынғы «Қысқы мектеп» іс-шарасына белсене қатысты.

Қысқы мектеп мейірбике ісі кафедрасының базасында ZOOM платформасында онлайн форматта өткізілді.

Қысқы мектептің тақырыбы «Емделмейтін науқастарға паллиативті көмек».

Мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD Жуманбаева Жанар Махмутовна құттықтау және қорытынды сөз сөйледі. «Инкурабельді пациенттерге паллиативті көмек» дәрісін Амренова Шынар Шагановна, «Паллиативтік көмек» дәрісін Қабдолданова Ақбота Ардаққызы мейірбике ісі кафедрасының ассистенттері оқыды.

Қысқы мектеп қатысушылары ситуациялық тапсырмаларды шешіп, зияткерлік ойын сұрақтарына жауап берді, пікір алмасты.

Білім алушылар үшін екі күн өте қызықты өтті, балалар паллиативтік көмек бойынша білімдерін тереңдетті. Қорытынды күні барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

1-sertifikat
1-zoom
2-sertifikat
2-zoom
3-sertifikat
4-sertifikat
5-sertifikat