2021 жылдың 15 қарашасында «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мирсаитов Қ.Б «Медбике ісі», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша кәмелетке толмаған студенттермен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін профилактикалық әңгіме жүргізді, атап айтқанда:
- 440-бап. «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу»
- 441-бап. «Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу»
- 442-бап. «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» Бұл іс-шараның мақсаты – студенттердің өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін ояту, заңдылықтардың қажеттілігін және міндетті түрде сақталуын сезіну, басқа адамдарға толерантты көзқарасты қалыптастыру.