Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжіне «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аргынбекова Айнур Серикпаевна келді. Ол колледж ұжымын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтап, әріптестерін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының 2020-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарымен таныстырды.
Кездесудің екінші жартысында Айнур Серикпаевна тығыз ынтымақтастық пен партия өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Содан кейін «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының атынан Айнур Серикпаевна партияның жаңадан келген мүшелеріне алғыс хаттар мен партия билеттерін табыстады.