2019 жылдың 5 желтоқсанында Өскемен қаласының Білім басқармасы мен жоғарғы медицина колледжімен бірлесіп, облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарының арасында «Біргеміз» - «Біз біргеміз» еріктілік қозғалыс слеті өткізілді. Кездесуге колледж бен университеттің ерікті студенттері қатысты.
Слеттыі пленарлық бөлімінде Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің жастар бөлімінің бастығы Балтабеков Еркебұлан Сайлаубекұлы, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Есімбекова Арайлым Келімбекқызы слетқа қатысушы жастарға сәттілік тілеп, сөз сөйледі.
Өскемен қаласы жоғарғы медициналық колледжінің ерікті студенттері өздері құрастырып шығарған еріктілер әнұранын орындады. Слет екі бөлімнен тұрды.
1 бөлім – Еріктілік қозғалысын таныстыру, презентация қорғау. «Еріктілік – мақатанышпен айтылады!». Біздің колледжіміздегі еріктілік қозғалысын презентация арқылы Маратқызы Ақбота
4 «мейіргер ісі» 4 студенті, Аденова Шырай 1 «мейіргер ісі» В студенті таныстырыды.Презентацияда колледждегі еріктілер қозғалысы және жетістіктері туралы бейнефильм көрсетілді.
2 бөлім– Слетка қатысушыларының альбомы – Көрме
Слеттің тәжірбиелік бөлімінде 5 бағыттағы алаң жұмыс жасады:
тренинг «Ерікті болу кезінде өзгелерге қалай зиян келтірмеу керек»;
дәріс – тренинг «Халықаралық Қызыл Крест Қоғамымен және Қазақстан Қызыл Жарты Айымен жұмыс жасайды еріктілер жұмысы»;
мастер – класс «Алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі негізгі медициналық көмек»;
мастер – класс «Эмпатия – еріктілдер қызметтің қарым-қатынас тәсілі ретінде».
Ерікті студенттер тренингтерге белсенді қатысып, еріктіліктің тәжірбиелік дағдыларын үйренді. Барлық тренингтер қызықты, мазмұнды болды, еріктілердің жүрегін жаулап алды және оларға махаббат пен мейірімділік сезімдерін оятты.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде Шығыс Қазақстан облысындағы еріктілер жылына арналған Өскемен жоғары медициналық колледжінің еріктілерінің флеш-мобы өтті.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Оспанғалиев Қажымқан Әлімханұлы еріктілерге осы кездесуді ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін үлкен алғысын білдіріп, дипломдар мен алғыс хаттар табыс етті. Біздің колледж дипломмен марапатталды.
Сол күні, 5 желтоқсанда Семейде «Біз бірге өмірімізді жақсартамыз» атты еріктілердің қалалық слеті өтті, онда Аида 3 «Мейірбике ісі» 4 және Ирсалиев Малика 3 «Мейірбике» 3 біздің колледждегі еріктілер қозғалысының жұмыстарымен презентация арқылы таныстырды.
Митингті ұйымдастырушылар: «Исток» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы, Семей достық үйі. Біздің еріктілерге алғыс хат табысталды. Біздің ерікті студенттеріміз «Семей» телеарнасынан көрсетіліп, интерью алынды.