«Қазақстан Республикасындағы ісі бойынша замануи білім беру форматтары»
2019 жылы 29 қарашада қолданбалы бакалавриат бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасындағы ісі бойынша замануи білім беру форматтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжді» ШЖҚ КМК оқытушылары мен студенттері қатысты. Тыңдалған баяндамалар:
- «Мейірбике ісі» мамандығының 4 курс студенті Мұқиятқызы Сымбат ТжКБ аясында мейірбике ісіндегі оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавриат» білім беру бағдарламасын іске асырудың ерекшеліктері Заманбекова М.Н. «Мейірбике ісінің негіздері» пәнінің оқытушысы.
- ««Қолданбалы бакалавр» білім беру бағдарламасы аясында мейірбике ісіндегі оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» Асанова Г.А. «Қолданбалы бакалавриат» білім беру бағдарламасының екінші курс студенті.
- Мейірбикелік істегі зерттеулерді ұйымдастыру Қойшыбаева С.Т. «Мейірбикелік істегі зерттеуді жоспарлау және жүргізу принциптері» пәнінің оқытушысы.
- «Қолданбалы бакалавриат» білім беру бағдарламасының дағдыларын мейірбикенің кәсіби қызметінде қолдану. Алғашқы медицина-санитарлық көмек жағдайында патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделін енгізу. Кенженова А.А. «Қолданбалы бакалавриат» білім беру бағдарламасының екінші курс студенті Ульбауова А.М. директордың оқу-тәжірибелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыру аясында Семей қаласының медицина университеті мен «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжді» ШЖҚ КМК арасында меморандумға қол қойылды.