АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Брейн-ринг» топтық ойыны

21.10.2024ж арнайы пәндер №1 циклы апталығы аясында «Емдеу ісі» мамандығының 4 курс студенттері арасында хирургиядан «Брейн-ринг» командалық ойыны өтті.
Ойынның мақсаты: қатысушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, хирургия пәнінен білімдерін тереңдету, тез шешім қабылдау және топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Ойынға 4 емдеу ісі 2 және 4 емдеу ісі К топтарының студенттері қатысты. Олар «Гиппократ», «Скальпель» және «Ақ халатты адамдар» топтары болып үшке бөлінді. Әр топта үш ойыншы болды. Ойын үш кезеңнен тұрды.
1 кезең - «Сұрақ -жауап».
2 кезең - «Ситуациялық тапсырмалар».
3 кезең - десмургия бойынша практикалық дағдыларды көрсету.
Ойын соңында әр кезеңнен жиналған ұпайлар есептеліп, қорытындылар жарияланды. 1ші орын - «Скальпель» тобы, 2 орын - «Ақ халатты адамдар» және 3 орын - «Гиппократ» тобы иеленді. Барлық қатысушыларға мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
1-brein
2-brein
3-brein
4-brein
5-brein
6-brein