АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Колледж студентері арасындағы сап және ән байқауы

2024 жылдың 24 мамырында Семей қаласының Бизнес және сервис колледжі базасында колледж студенттері арасында Отан қорғаушылар күніне арналған бастауыш әскери және техникалық дайындық бойынша Абай облысының сап және ән байқауы өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың азаматтығын, патриотизмін дамыту, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін, оның мүдделерін қорғауға дайындығын қалыптастыру болды.
Байқауға өзге колледж қатарында біздің колледждің қыздар взводы да қатысты.
Қазылар алқасы взводтарды бес балдық жүйе бойынша және келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: бірыңғай киім нысаны, командирдің іс-қимылдарының, салтанатты шеру мен әннің орындалуының, взвод командаларының орындалуының айқындылығы болды.
Байқау қортындысы бойынша біздің қыздар взводы жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.
1-sap-an
2-sap-an
3-sap-an
4-sap-an
5-sap-an