АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Чернобыльдан да маңызды іс»

Ирландияның «Чернобыльдан да маңызды іс» қайырымдылық ұйымының негізін қалаушы Фиона Коркоран ядролық сынақтардан зардап шеккен қалаға заманауи Хоспис сыйлады. 2016 жылы ирландиялықтардың көмегімен 30 төсектік аурухана салынды және Хоспис өзінің алғашқы пациенттерін қабылдай бастады. Фиона Коркоран 25 жыл бойы Семей қаласы мен Абай облысының ауылдарына гуманитарлық көмек көрсетіп келеді.
04.07.2023 жылы Хоспис Абай облысы ДСБ «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжімен» ШЖҚ КМК бірігу арқылы қайта құрылды.
Семей ядролық полигонында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жұмыс сапарымен Абай облысына Ирландиядан Фиона Коркоран, Англиядан Филлип Браун келді. Олар Хоспис әкімшілігі, қызметкерлері және пациенттерімен кездесті. 2020 жылғы сапарымен салыстыра келе, Фиона Коркоран оң өзгерістерге тоқталып, идеялар мен жоспарларды қолдап, медицина қызметкерлерін еңбегін және Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің оқытушылары мен студенттерінің жұмысын жоғары деңгейде бағалады.
 
1-hospice
2-hospice
3-hospice