АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00
  • «Жедел коронарлы синдром, жедел бас ми кан айналуынын бұзылуы аурулардан кейінгі науқастарға мейірбикелік көмекті ұйымдастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері»

«Жедел коронарлы синдром, жедел бас ми кан айналуынын бұзылуы аурулардан кейінгі науқастарға мейірбикелік көмекті ұйымдастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері»

2024 жылдың 14 мамырында Халықаралық мейірбике күні аясында «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің» оқытушылары РФ «Рубцовск атындағы медицина колледжі» ұйымдастыған «Жедел коронарлы синдром, жедел бас ми кан айналуынын бұзылуы аурулардан кейінгі науқастарға мейірбикелік көмекті ұйымдастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Колледж оқытушылары конференцияға белсене қатысты. Конференцияда Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай облысы және РФ Рубцов, Барнаул, Благовещенск, Бийск, Родинск медициналық колледжінің оқытушыларының баяндамалары тыңдалды. Медициналық көмек пен оңалтудың заманауи аспектілері, науқастарды күтудегі проблемалар, созылмалы шаршау синдромының, эмоционалды күйіп қалу синдромының алдын алу, пациенттердегі психоэмоционалдық бұзылулар мәселелері қарастырылды.

1-rubsovsk
2-rubsovsk
3-rubsovsk