Колледж студенттері барша аналарды мерекелерімен құттықтап, ыстық ықыластарын өлең шумақтарымен жолдайды!
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 426 қаулысымен Қазақстанда Аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде тойланады. Бұл мереке Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылы ресми түрде бекітіліп, мереке күні үшінші жексенбіге белгіленді. 2023 жылы мереке мамырдың екінші жексенбісіне ауыстырылды.
Бұл мереке қазақстандық әйелдер-аналарды құрметтеу мақсатында құрылған. Өйткені, ана – өмір бастауының ошағы, отбасының іргетасы, отбасылық дәстүрдің сақтаушысы. Ендеше, ананы ардақтау – қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау, қазіргі заманда бұл өте маңызды.
Бүгін де Қазақстанның барлық тұрғындары аналарын қазіргі ресми мерекелері – Аналар күнімен құттықтай алады.