22 сәуір күні “WorldSkills Abai - 2024” екінші өңірлік чемпионаты салтанатты түрде ашық деп жарияланды.
“Медициналық және әлеуметтік күтім” құзіреттілігі бойынша “WorldSkills Abai - 2024” екінші өңірлік чемпионаты Абай облысы ДСБ “Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі” ШЖҚ КМК мекемесінде өткізілді.
Чемпионатқа Семей қаласының үш медициналық колледждері қатысты:
1. “Семей” Медициналық колледжі, қатысушы студент - Ерғали Анела Дауренқызы;
2. Абай облысы ДСБ “Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі” ШЖҚ КМК қатысушы студент Садвакасова Айдана Бакытпековна;
3. «Авиценна» жоғарғы медицина колледжі, қатысушы студент: Канабекова Амина Қанабекқызы.
23 сәуір чемпионаттың бірінші күнінде А модуль (хоспис) және В модуль (күндізгі стационар) бойынша сайысқа түсті.
24 сәуір чемпионаттың екінші күнінде С модуль (үй жағдайындағы күтім) бойынша сайыс өткізілді.
Қорытынды 26 сәуір күні белгілі болады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!