2024 жылдың 11 сәуір күні «Талдықорған жоғарғы медициналық колледжі» ШЖҚ КМК және Талдықорған қаласының облыстық әдістемелік орталығы Лабороториялық диагностика мамандығы бойынша «Үздік зертханашы» атты халықаралық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға медициналық колледждерден 3-4 курс студенттері қатысты. Қатысушылар барлығы – 15 студент болды, оның ішінде 2 студент - Қырғызстан Республикасы, 13 студент - Қазақстан Республикасының әр өңірінен болды. Абай облысынан денсаулық сақтау басқармасының «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК ІІІ Лабораториялық диагностика «А» тобының студенті - Казбекова Динара қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Казбекова Динара бас жүлдеге ие болды. Динараны жүлделі орынымен құттықтаймыз, одан әрі де табыс тілейміз!