«8 наурыз» Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Қалалық Мәдениет үйінде «Медбикелік ісінің қолданбалы бакалавры» мамандығы бойынша түлектеріне арналған мерекелік шара өткізілді. Студенттер 3,5 жыл оқып, 35 түлек диплом алды. Директордың міндетін атқарушы, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Нургалиева Г.Т. және директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Ульбауова А.М. түлектерді құттықтап, дипломдарын табыстады. Колледждің жастар ісі жөніндегі комитет лидерлері ән мен биден тұратын үлкен шоу-бағдарлама дайындады. Сахна төрінен түлектеріміздің алғыс сөздері естілді. Түлектерімізге сәттілік серік болсын және ақ жол тілейміз!