Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі мен «University Medical Center» корпоративтік қорының ынтымақтастығы аясында «Мейіргер ісі» мамандығының түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Директор Надирбекова Гульнур Ементаевна студенттерге мейіргер ісінің заманауи даму тенденциялары, мамандардың мәртебесін арттыру, науқастарға арналған күтімнің жаңа әдістері мен тексеру жүргізудегі инновациялық әдістер туралы мәлімет берді. Дуальды оқыту, бірлескен шеберлік сағаттары, конференциялар өткізу мәселелері қозғалды.
Колледж түлектері «University Medical Center» орталығына дипломалды тәжірибесінен өтуге шақырылды, олар кейіннен жұмысқа орналаса алады.