АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

2023 жылдың 12-13 желтоқсанында Алматы қаласындағы Республикалық жоғарғы медицина колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы педагогтарды анықтау, ТжКБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтарын қолдау болды. Байқауға республикамыздың 17 колледжінен арнайы пән оқытушылары қатысты. Абай облысынан ДСБ «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК арнайы пәндер оқытушысы - Байзолдина Жансая Сайлауханқызы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Байзолдина Жансая Сайлауханқызы жүлделі ІІІ орынға ие болды.

1-baikau
2-baikau