АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

ЖИТС/ АИТВ

1 желтоқсан 2023 ж. БҰҰ-ның АҚТҚ/ЖИТС бойынша Дүниежүзілік кампаниясы «Қоғамдастықтарға көшбасшылық» ұранымен өтті. Колледждің 1-2 курс студенттері мен оқытушылары, «Ашық жүрек» клубының волонтерлерімен және ЖИТС орталығының мамандардың шақырумен сабақтар өткізілді. Топ сағаттары әсіресе 2 емдеу ісі «А», 2  емдеу ісі «С» топтарында қызықты өтті, оны «Ашық жүрек» еріктілер ұйымының өкілдері: Құсайын Б., Қыдырханов Ж., Құмар А.өткізді. Олар Абай облысы бойынша зерттеу жұмыстарын  жүргізіп, нақты дәлелдермен ЖИТС ауруына шалдыққандардың статистикасын көрсетті. ҚР бойынша АИТВ жұқтырып тіркелген адамдар туралы мәлімет берді. Білім алушыларға ЖИТС  ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндірді. Ақпараттарды видеоролик арқылы толықтырды. Тыңдаушы топ өз ойларын ортаға салып, қосымша сұрақтарға жауап алды.

Осы күні облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының психологы А.Б.Жакупова жатақханада тұратын студенттермен «АИТВ – инфекция және оның алдын алу» тақырыбына кездесу өткізді.

1
2
3
4
5
6
7