2023 жылғы 5 желтоқсанда «Емдеу ісі», «Акушерия» мамандығы бойынша ОӘБ, Абай облысы бойынша Білім беру басқармасының ТжКБ бөлімінің облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, халықаралық ынтымақтастық аясында Ресейдің медициналық колледждерімен «Заманауи колледждің оң тәжірибесін қалыптастыру» атты онлайн-формат тәжірибесінде іс-шара өткізілді.
Мақсаты: білім беру ұйымының қалыптасу механизмін жетілдіру негізінде оның оң имиджін арттыру үшін жағдай жасау бойынша тәжірибе алмасу.
Міндеті:
1. Колледж жетістіктерінің нәтижелерімен таныстыру;
2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының білім беру медициналық ұйымдары арасындағы байланысты нығайту.
Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі, Д. Қалматаева атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі, «Бопай ханым жоғары медицина колледжі, Көкшетау жоғары медицина колледжі, Омск медицина колледжі, Рубцовск медицина колледжі, Оренбург медицина колледжі, Тобольск медицина колледжі, Бийск медицина колледжі өздерінің жетістіктерімен және жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Колледждер аккредитациядан мен мемлекеттік аттестациядан сәтті өткен, жоғары білікті оқытушылар құрамы бар және жақсы материалдық-техникалық базасымен жабдықталған. Әріптестер сұрақтар қойып, жоспарларымен бөлісті. Бейнебаяндар мен презентациялар қызықты және танымды болды.
Колледждерге жетістіктерге жете отырып, одан әрі табыстар тілейміз және де жемісті ынтымақтастықта боламыз деген үміттеміз.