АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Жастар БАҚ. Болашаққа көзқарас.

2023 жылдың 30 қараша күні Халықаралық ынтымақтастық жұмыс жоспарына сәйкес «Жастар БАҚ. Болашаққа көзқарас» атты халықаралық студенттік баспасөз конференциясы онлайн режимінде өтті.
Конференцияны ұйымдастырушы «Бийск медициналық колледжі», қатысушылар: Рубцовск медициналық колледжі, Солтүстік Қазақстан жоғарғы медицина колледжі, Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі.
Конференцияның мақсаты:
1. Түлектердің болашақта өзін танып білудегі білімнің маңыздылығын көрсету.
2. Студенттік газет, журнал және арналар туралы қызықты ақпарат құралдарымен таныстыру.
3. Білім алушылардың мамандықтағы жауапкершілік мәселесіне назар аудару.
4. Білім алушыларды аймақтардағы еңбек нарығымен таныстыру.
5. Қазақстан және Ресейдің ТжКБ колледждерімен бірлескен жоспарға сәйкес ынтымақтастықты жалғастыру.
Студенттер сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен, жоспарларымен, жұмыс тәжірибесімен бөлісті, шығармашылық топтар мен волонтерлік жұмыстар туралы әңгімеледі.
Әріптестеріміз бен студенттерімізге денсаулық, жаңа идеялар және шығармашылық шабыт тілейміз!
1-baq
2-baq
3-baq