АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Мен жастарға сенемін!»

Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің ұйымдастыруымен 24 қараша күні Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Мен жастарға сенемін!» облыстық әдеби байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау. Байқауға колледжіміздің білім алушылары Төлеубай Елжан (1 емдеу ісі «Е»), Серікқызы Қаламқас (1 мейіргер ісі «Д»), Нұрбаева Ақерке (1 емдеу ісі «Д») поэзия, проза жанрлары бойынша қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша эссе жазудан Төлеубай Елжан жүлделі 3 орынға ие болды. Қалған қатысушылар сертификаттармен және жетекшісі Құсайынова Шырайлым Болатбекқызы арнайы алғыс хатпен марапатталды.

1-men-zhastarga-senemin