2023 жылы қазанның 23 күні он-лайн форматта «Педагог-педагог» моделі бойынша тәлімгерлікті жүзеге асыру» тақырыбында телекөпір өткізілді.
Телекөпірге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының оқу орындарының директорларының орынбасарлары, әдіскерлері, оқытушылары қатысты: КГБПОУ «Бийск медицина колледжі», КГБПОУ «Рубцовск медицина колледжі», РФ ДСМ ФГБОУВО «Омск мемлекеттік медицина университеті, колледжі», КГБПОУ «Томск базалық медицина колледжі», «Солтүстік-Қазақстан жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК ҚММ «ДСБ Солтүстік-Қазақстан облысы әкімдігі» және «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК Абай облысы ДСБ.
Кәсіптік бағдар беру, тәлімгерлік, тәжірибені жинақтау, жас педагогтарды даярлау, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды. Қатысушылардың баяндамалары презентациялармен ұласты, әріптестер тәжірибе алмасып, жаңа оқу жылындағы жұмыс жоспарын талқылады.
Барлығына шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз. Көп жылғы ынтымақтастық үшін рахмет!