Мейірбике ісі» мамандығы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
2026 жылғы 4–5 мамыр аралығында Түркістан жоғары медициналық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Аталған байқаудың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды әрі шығармашыл педагогтерін анықтау және қолдау, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ету болды.
Байқауға республика көлеміндегі 19 колледжден «Мейірбике ісі» пәнінің оқытушылары қатысып, өзара тәжірибе алмасу мен кәсіби шеберліктерін сынға салды. Абай облысы атынан ДСБ «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК «Мейірбике ісі» пәнінің оқытушысы Заң Айгерім Асланбековна қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша Заң Айгерім Асланбековна жүлделі III орынға ие болды. Бұл нәтиже оның кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейін, педагогикалық шеберлігін, жауапкершілігі мен үздіксіз кәсіби дамуға деген ұмтылысын айқындайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.