⚜️18 наурыз⚜️– Ұлттық киім күніне орай №1 Арнайы пәндер бірлестігі оқытушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Bauyrsaq party» ұйымдастырды.
Іс-шара барысында ұстаздарымыз әсем ұлттық киім киіп, салт-дәстүріміздің көркін паш етті. Дастарханымыз бауырсаққа толып, ұлттық тағамның берекесі мен бірліктің символына айналды. Осындай дәстүрімізді жалғайтын игі іс-шараларымыз жалғасын таба берсін.