2025 жылдың 30 қыркүйек күні Семей қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Дүйсенбі Қалматаев атындағы жоғары мемлекеттік медицина колледжінде
Мастер-класс «Білім алмасу»өткізілді.
Іс-шара барысында колледж қызметкерлері мен студенттерге:
• Жүрек-өкпе реанимациясы (жасанды тыныс алдыру және жүрекке жанама массаж жасау),
• Жгут салу арқылы қан тоқтату,
• Крамер шинасын салу тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Мастер-класста “Емдеу ісі” мамандығының 4-курс «А» тобының студенттері өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салып, жиналғандарға алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті.
Бұл шараның мақсаты – колледж ұжымы мен студенттердің шұғыл жағдайда дұрыс әрекет ете білу дағдыларын жетілдіру, алғашқы көмек көрсету мәдениетін қалыптастыру.