“Бейбітшілік- ел тілегі”
28.04.2025ж.күні колледж жатақханасында студенттер кеңесінің ұйымдастыруымен
1мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай “Бейбітшілік - ел тілегі” тақырыбында студенттер арасында интеллектуалды сайыс өтті.Студенттер арасынан құрылған топтар еліміздегі ұлттардың салты мен озық мәдениетін,ұлттық музыкасы мен ұлттық өнерлерімен бөлісті.Сайыста әр топ өз өнерлерін көрсетіп,әр ұлттың ұлттық тағамдарын әзірлеп белсенділік көрсете білді. Жеңімпаздар анықталып, сайысқа қатысқан топтар мақтау қағазымен марапатталып, сыйлықтар таратылды.