2024 жылдың 09-13 желтоқсан аралығында «Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер» бірлестігінің апталығы жоспарға сай өтті.
Аптаның ашылуы барысында іс-шараға қатысушылар үшін қызықты тапсырмалар ұйымдастырылып, мазмұнды және жарқын көрмелер, стендтер ұйымдастырылды. «Ұмытылмаған ұлттық тағамдар» көрмесі ұйымдастырылып, елімізде өмір сүретін ұлттардың тағамдарын ұсынды. Цикл оқытушылары іс-шараға ұлттық киіммен қатысып, молынан жайылған қазақтың бай дастарханынан дәм тартқызды.
Кіре беріс дәлізде «Тәуелсіздік – басты құңдылығымыз» тақырыбында макеттер көрмесі ұйымдастырылды. Апталықты қортындылап, оқытушылар мен студенттерді апталыққа белсенді қатысқандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталып, тәттілер таратты және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізді.