КГП НА ПХВ «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ Д. КАЛМАТАЕВА» УЗ ОБЛАСТИ АБАЙ
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Жатақханада кездесу.

03.10.2024ж
Колледж жатақханасында “Жан Асыл” поликлиникасының қызметкерлері:
акушер- гинеколог- Жазыбаева Ж.К, психолог- Балагазина А.А, медбике-Ниязбекова А.Ж ұйымдастыруымен студенттермен
“Ерте жүктіліктің алдын алу және контрацепция” тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында психолог Айгерім Алтынбекқызы студенттермен жұмыс жасап, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауруларды атап өтті. Акушер-гинеколог Жансулу Калыбековна ерте жүктіліктен сақтану жолдарын және контрацепция заттарды түсіндірді сонымен қатар жыныстық жетілудегі басты ерекшеліктер мен даму сатысын атап өтті. Кездесу соңында студенттер мамандарға өз тарапынан сұрақ қойып ,пікір алмасты.
Студенттерге бүгінгі кездесу құнды ақпаратқа толы болды, сондай-ақ медициналық білімдерін шыңдады деген ойдамыз.
“Жан Асыл” поликлиникасына және келген қонақтарға өз алғысымызды білдіреміз!
1-zhataqhana
2-zhataqhana
3-zhataqhana
4-zhataqhana
5-zhataqhana
6-zhataqhana