|
Бірінші біліктілік санатты оқытушы. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы
|
Психологиялық қызмет
Психологиялық қызметтің мақсаты:
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, колледжде жүйелі білім алуына психологиялық ахуалмен мен әлеуметтік- психологиялық жағдай қалыптастыру.
Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:
- Білім алушылармен тәрбиеленушілердің жеке дара және танымдылық дамуына әсер ету, өзіндік дамуы мен өзін- өзі тәрбиелеуін бейімдеу.
- Білім алушылармен тәрбиеленушілердің жаңа ортаға әлеуметтенуіне психологиялық ахуал жасау. Жаңадан қабылданған студенттердің қалыпты деңгейде бейімделуіне жағдай туғызу.
- Психологиялық –педагогикалық жеке ерекшелігін меңгеруге әрбір білім алушылармен, тәрбиеленушілердің жеке көзқарасына әсер ету.
- Психологиялық диагностикалар өткізу және білім алушылармен тәрбиеленушілердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту
- Білім алушылармен тәрбиеленушілердің психологиялық қиындықтары мен мәселелерін шешуге психологиялық түзету, дамыту жұмыстарын жүзеге асыру.
- Психологиялық мәселелер мен оқу- тәрбие жұмысында тиімді әдістерді таңдауға педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру.
- Оқу үрдісіне қатысушылардың психологиялық- педагогикалық біліктілігін арттыру.
Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары:
- Психодиагностикалық
- Кеңес беру
- Алдын –алу және ағарту жұмыстары
- Түзету-дамыту жұмыстары
- Әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары.
Психодиагностикалық жұмыстар:
- Әр топтың әлеуметтік денгейін зерттеу және талдау;
- Студенттер арасындағы бопсалау фактілерін анықтау;
- Темперамент түрін анықтаңыз, студенттердің жеке сипаты, ерекшеліктері туралы білу. Студенттердің жеке қасиеттерін зерттеу.
- Студенттерден суицидтікті анықтау.
- Психологиялық түзету-дамыту жұмыс жүргізу үшін «Қауіпті тобындағы» тізімін анықтау
- Студенттер арасындағы агрессиялық деңгейлері мен түрлерін зерттеу.
- Студентердің жекелей және ситуативтік мазасыздану себебін анықтау, мазасыздану денгейі жоғары студенттермен психалогиялық жұмыс жасау.
- Түлектердің стресс деңгейін анықтау
- Жеке бағдарын анықтау
- Балалармен ата-аналардың тұлғааралық қарым-қатынастарын зерттеу
- Жалдамалы үйде (жатаханада) тұратын студенттердің мәселелерін зерттеу.
Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары.
Студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
- жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;
- психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;
- әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
- шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.
Қиындық туғызатын студенттермен жұмыстың мақсат-міндеттері:
- Студенттің жеке басын, отбасын жеке зерттеу;
- Студенттің физиологиялық-психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы анықтау;
- Қиын студенттермен ақыл-кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;
- Колледждің, топтардың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;
- Арнайы мамандармен (дәрігерлер, психолог, заң қызметкерлерімен) кездестіру;
- Арнайы комиссияларға апару;
- Студенттерге жауапты жұмыстар тапсыру;
- Студентке сыйластықпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;
- Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;
- Ата-анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл — кеңес беру