Колледжде жас педагогтар мектебі жұмыс істейді. ЖПМ отырыстарында жас оқытушылар педагог мамандығының негіздерін, шеберлігі мен бейімделу дағдыларын меңгереді. Әдістемелік кабинетте әдістемелік материалдардың банкі бар, оған мыналар кіреді:
- Оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік әзірлемелер;
- Оқу-нормативтік құжаттардың үлгілері;
- Іс-тәжірибені қорытындылау жұмыстары бойынша материалдар;
- Әдістемелік құралдар;
- Ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралардың әзірлемелері;
- Бұрынғы жас мамандардың портфолиолары.
Психологиялық тренингтер бастаушы педагогтарға педагогикалық тапсырмаларды шешуде тәжірибе жинауға, білім беру және тәрбие жұмысын жүргізу үшін маңызды кәсіби қасиеттер қалыптастыруға көмектеседі.
ЖПМ отырысы жас педагогтардың, тәлімгер-педагогтардың және колледж әдіскерінің қатысуымен айына бір рет өткізіледі.